Бүгін Президенттің туған күні: Қасым-Жомарт Тоқаев туралы 10 дерек
Бүгін Президенттің туған күні: Қасым-Жомарт Тоқаев туралы 10 дерек
856
оқылды

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, 68 жасқа толды.  Ол 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген. Соған орай, Қазақстанның екінші Президенті туралы 10 деректі ұсынамыз.

1. Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін атап өтуді ұнатпайды. Отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күнін тойлау дәстүрі жоқ екенін айтқан. Бұл туралы бұған дейін баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеген еді. 2. Әкесі Кемел Тоқаев (1923 - 1986) танымал жазушы, қазақ әдебиетінде детектив жанрының негізін қалаған. Кеңес чекистері тақырыбына арналған 10-нан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Кемел Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалін алған. [caption id="attachment_137580" align="aligncenter" width="1200"]Кемел Тоқаев Кемел Тоқаев. Фото: Sputnik.kz[/caption] 3. Президенттің есімі әкесінің майданда қайтыс болған Қасым деген ағасының құрметіне қойылған. Ол туралы академик Серік Қирабаев былай деген: «Өзіме қамқор болған ағаның майданда қаза болуы мені шын жетім етті. Оны ұмыта алатын емеспін. Жаңа туған тұңғыш ұлымның Жомарт деген атына Қасым ағамның атын қосып атап жүрмін»,- деп еді. Осы әңгімені көңілі босап, көзіне жас үйіріліп, егіліп айтты. Кейін үйінде болғанда кішкентай Қасым-Жомартты көрсетіп, «Менің ағамның атын қойған ұлым – мынау» деп көрсеткен». Қасым-Жомарт Тоқаев 4. Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевпен 1985 жылы Кеңес Одағының Қытайдағы екінші хатшысы қызметінде жүргенде Пекинде танысқан. Онда 1985 жылдан 1991 жылға дейін әуелі екінші, кейін бірінші хатшы қызметін атқарды. Нұрсұлтан Назарбаев ол кезде Жоғарғы Кеңес делегациясының құрамында болған. 5.  Қасым-Жомарт Тоқаев - БҰҰ бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған алғашқы қазақ. 2011 жылғы наурыздан 2013 жылғы қазанға дейін БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның орынбасары лауазымын атқарды, БҰҰ-ның Женевадағы Еуропалық бөлімшесін басқарды, қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы болды. [caption id="attachment_137582" align="aligncenter" width="800"]Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун. Фото: Іnform.kz[/caption] 6. Қасым-Жомарт Тоқаев - халықаралық қатынастар мәселелеріне арналған 10 кітаптың авторы, саяси ғылымдар докторы. "Бұл қалай болды: Бейжіңдегі толқулар шежіресі (04.1989 - 06.1989)" (1993), "Біріккен Ұлттар Ұйымы: әлемге жарты ғасыр қызмет ету" (1995), "Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты" (2000), "Қазақстан Республикасының дипломатиясы" (2001), "Әке туралы сөз" (2005) және тағы басқа кітаптар мен бірнеше мақалалардың авторы. Ресей биографиялық қоғамының тұжырымы бойынша 2018 жылдың «Жыл адамы» лауреаттарының тізіміне енген. 7. 13 жыл бойы Қазақстанның Үстел теннисі федерациясын басқарды. 2019 жылы БҚО-ға сапарында Оралдағы спорт мектептерінің бірінде оқушылармен теннис ойнаған еді. Сонда баспасөз хатшысы Берік Уәли "Спорт шеберінен мастер класс" деп видео жариялаған еді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Berik UALI (@berikuali)

8. Мемлекет басшысы қазақ тілінен бөлек, орыс, ағылшын, қытай, француз тілдерін жетік біледі. Оның қытай тілінде еркін сөйлейтінін 2016 жыл Қытайдың халықаралық проблемаларды зерттеу институтындағы сөзінен байқаған едік. 2018 жылы маусымда BBC арнасына ағылшын тілінде сұхбат берген. 9. Хоббиі – кітап оқу. Мемуарлық, тарихи және көркем әдебиеттерді оқығанды ұнатады. 10. Президенттің 1984 жылы Мәскеуде туған Тимур есімді ұлы бар. Ол Швейцариядағы College du Leman мектеп-интернатында және АҚШ-тың  Webster университетінде білім алған. Саяси ғылымдар кандидаты.