Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы екпе салдырған соң қайтыс болған екі қазақстандыққа қатысты пікір білдірді
 Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы екпе салдырған соң қайтыс болған екі қазақстандыққа қатысты пікір білдірді
271
оқылды

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған соң екі қазақстандық қайтыс болды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Лаура Мырзағали бұл фактіге қатысты пікір білдірді. 

"Алматыдағы вакцинациялау қарқыны туралы" өткен онлайн-брифингте Лаура Мырзағали бұл фактілер бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын және кісі өлімінің нақты себебі вакцинациядан деп айту ерте екенін айтты. Тергеу нәтижесі маусым айында дайын болады.
  Марқұмдардың бірі - 1979 жылғы Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі - Алматы перзентханасының қызметкері болып шықты. Бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда дәрігерлер вакцина салдыруға келген тұрғындармен бірге қылмыс жасағанын жазған болатынбыз.