Иттен құтырма анықталып, бір ауылға шектеу енгізілді
Иттен құтырма анықталып, бір ауылға шектеу енгізілді
255
оқылды

Сондықтан Городецкий ауылдық округіне шектеу енгізілді.

СҚО Ветеринария басқармасының мәліметінше, Шал ақын ауданы Городецкий ауылдық округі Жалтыр ауылында құтырма ауруының ошағы анықталды. Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Қайырлы Қазановтың айтуынша, сәуірде Жалтыр ауылында ит өлген. Сараптама 22 сәуір күні оның құтырмадан өлгенін растады. Қауіпті аурудың таралуына жол бермеу үшін ауылға 18 мамыр күні шектеу енгізілді. Қазір дезинфекция жұмыстары басталды. Ветеринарлар мал мен ит-мысыққа құтырмаға қарсы екпе егеді.

Бөлімінің жетекшісі Қайырлы Қазанов: «Ауылдық округте 660 сиыр, 2200 қой-ешкі және 160 жылқы бар. Соның бәріне екпе егіледі. Ит-мысыққа да вакцина салынады. Облыста биыл құтырма иттен бірінші рет анықталып отыр. Бұған дейін бірнеше ауданда ірі қара малдан құтырма анықталды», – дейді.

Бұған дейін қараусыз жүрген қаңғыбас иттер мәселесін жазған болатынбыз.