«17 мамыр күні шамамен сағат 20.30-да Есіл АПБ кезекші бөліміне аудандық орталық аурухананың фельдшерінен Есіл қаласының 26 жастағы тұрғынының қабылдау бөлмесіне "оң жақтағы 9 қабырғаның сынуы" диагнозымен жүгінгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті», - дейді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.Оқиға орнына келген полицейлер бір күн бұрын спирттік ішімдік ішкен жігіттердің арасында туындаған жанжал кезінде 37 жастағы ер адам үйінде болған құрбысына дене жарақатын салғанын анықтады.
«Ер адам өз кінәсін толықтай мойындады, олар бірнеше рет кездескенін және оған деген сезімі болғанын, бірақ ол оның сезіміне мән бермегенін айтты», – деп толықтырды Полиция департаментінен.Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 107-бабы "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі іс бастады.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы