Ақтөбеде сәбиін аман-есен босанған әйел перзентханада қайтыс болды
Ақтөбеде сәбиін аман-есен босанған әйел перзентханада қайтыс болды
397
оқылды

Облыстық перинаталды орталықта 30 жастағы Аймира Атшыбаева қайтыс болды.

Марқұм Аймира Атшыбаеваның туған-туысы оқиғаның мән-жайын анықтап, кінәлілер жазасын алса дейді.

«Келіншегім 17 мамыр күні көз жұмды. Дәрігерлер «өкпесінде дерті бар» деп айтты. Әйелім өкпесі ауыратынын айтқан емес. Жүктілігі жақсы өтті. Мақсатым түрмеге отырғызып, бас бостандығынан айыру емес. Маман қатесі үшін жауап берсін», – деді Алтынбек Жұмағазиев.

Inform.kz-тің жазуынша, келіншекке толғақ шақыратын дәрі берген. Палатада босанған. Босанған соң есін жиып, баласын бауырына басқан екен. Содан кейін қан тоқтамай, жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Ақтөбе облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Асхат Балықов: «Қазір арнайы комиссия құрылды. Тексеру қорытындысы шыққаннан кейін шара қолданамыз», – деді. Нәресте әкесіне берілді. Сәбидің салмағы – 4,5 келі.

Босандыру бөлімінің меңгерушісі Алексей Хасанов: «Әйел су кетіп, бізге түсті. Бір тәулік денсаулығын бақыладық. Үш дәрігер қарады. Бала оңынан келді. Салмағы  ауыр, өзі ірі болады деп ойламадық. Әйел өзі босанады деп шешім қабылданды. Өз күшімен босанды», – деді.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеріс басталды.