Өртенген көлік түгі қалмай жанып кетті
Өртенген көлік түгі қалмай жанып кетті
144
оқылды

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметінің айтуынша оқыс оқиға 19.05.2021 жылы 22 сағат 26 минут шамасында Сырдария ауданы, «Қызылорда – Жалағаш» тасжолының 10-шақырымында болған. Тұрғындардың айтуынша, автокөліктегі газ құрылғысынан өрт шыққан.

«Қызылорда-Жалағаш» тас жолында өртке оранған көлікте газ құрылғысы болған. Қызыл жалын әп-сәтте бірнеше шаршы метрге жетіп, жолда көлік қозғалысы тоқтаған. Тұрғындардың айтуынша, өртенген көлікте газ баллоны болғандықтан жолаушылар газдың жарылу қаупінен үрейленіпті. Абырой болғанда қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бірақ, Volkswagen Transporter маркалы автокөлігі толығымен жанып кетті. Өрт сөндіру қызметінің 5 қызметкері мен 1 бірлік автокөлік күшімен 22 сағат 50 минутта өрт толық сөндірілді.

Н.ҚАЗБЕК, Қызылорда облысы