Ауруханадан шыққан жігіт жедел жәрдем көлігін ұрлап кеткен
Ауруханадан шыққан жігіт жедел жәрдем көлігін ұрлап кеткен
232
оқылды

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, Бәйтерек ауданына қарасты ауылдың 30 жастағы тұрғыны аяғын жарақаттап, жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер оны ауруханаға апарып, жарасын таңып, үйіне жіберген.

Жарақат алған жігіт ауруханадан шыққан соң, кілті ішінде тұрған жедел жәрдем көлігін көрген. Үйіне жаяу қайтқысы келмей, жедел жәрдем көлігін айдап кеткен.

Бірақ, көп ұзамай, мектептің қоршауына соғылды.

Жедел жәрдем жүргізушісі оны қуып жеткенімен, науқас аяғының жарақатына қарамастан, қоршаудан секіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Ер адам ұсталды. Тергеу басталды.