"Мені де ене мен келін қиындығы айналып өтпеді". Жанар Айжанованың қызы ажырасып кеткенін айтты
"Мені де ене мен келін қиындығы айналып өтпеді". Жанар Айжанованың қызы ажырасып кеткенін айтты
359
оқылды

Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова жеке өміріне қатысты жасырып келген сырын бөлісті. Алғаш рет көпшілікке өзінің ажырасып кеткенін айтты.

«4 ай қиын токсикоз болды. Қауіп те төнді. 9 айда 2 ота жасаттым. Бұл жол мен үшін оңай болмады, бірақ мен қиындықтарды өткердім. Қош келдің бұл әлемге, менің кішкентай Назарым. Мен сені бар жүрегіммен күттім», — деп сырын бөлісті дизайнер.
Әрі қарай ол әлеуметтік желіден неге күйеуінің суреттерін алып тастағанын түсіндірді.
«Және де 9 ай бойы бір сұрақты қайталап қойған болатынсыздар. Қыран қайда? Біз әлдеқашан айырылысқанбыз. Өзімнің жеке өмірімді қатты талқыға салғым келмейді. Мен құрбан емеспін. Бірақ бірнәрсе айтайын — мені де келін мен ене тақырыбы айналып өтпеді. Бұл жерде бәрі түсінікті деп ойлаймын. Өткенім үшін алғыс айтамын, бірақ біз әрі қарай жылжимыз», — деп жазды әншінің қызы.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Aizhuldyz Adaibekova (@aizhuldyz_adaibekova)

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде жас анаға қолдау білдіріп, оған сәттілік тіледі. Еске салсақ, Жанар Айжанованың әже атанғаны туралы хабарлаған едік.