Мас жүргізушіден пара алған қос полиция қызметкері 7 жылға сотталды
Мас жүргізушіден пара алған қос полиция қызметкері 7 жылға сотталды
296
оқылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты бұрынғы екі полиция қызметкеріне қатысты сот үкімін жариялады, — деп хабарлайды zakon.kz.

Олар мас жүргізушіден әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында медициналық тексеруден өтпес үшін 800 мың теңге пара алды деп күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алмалы аудандық ПД Патрульдік полиция полкінің инспекторы Е.Акитбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 3-бөлігі, 1.2 тармақтары (пара алу) бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алмалы аудандық ПД жанындағы Патрульдік полиция полкінің полиция қызметкері Р.Асылбеков те сол айып бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, тура сондай мерзімге сотталды.