Ысмағұлов бразилиялық дебютантты жеңді
Ысмағұлов бразилиялық дебютантты жеңді
312
оқылды

Ресейлік қазақ файтер Дамир Ысмағұлов UFC-де төртінші жеңісіне жетті. Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC Vegas 27 турнирінде Орынбордан келген 30 жастағы файтер промоушен дебютанты бразилиялық Рафаэль Алвесті жеңді, — деп хабарлайды Vesti.kz басылымы.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жекте төрешілер жеңісті бірауыздан Дамирға берді. Кездесудің басында Алвес Ысмағұловты нокдаунға жіберді. Бірақ нәтижесінде Дамир бұл шабуылға төтеп беріп қана қоймай, бірінші раундты алып, гардадағы қарсыласын бақылауына алды. Екінші раундта Ысмағұлов бразилиялықты нокдаунға түсірді. Үшінші бес минутта Алвес ва-банкке барды, бірақ бұл оған көмектеспеді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от MMA | UFC | VIOLENCE ? (@mma.violence)

Осылайша Ысмағұлов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Айта кетейік, бұл - Дамирдің 2019 жылдың тамызынан бергі алғашқы кездесуі. Ол жарақат алып, жарты жылдан аса уақыт жекпе-жектерге шыға алмаған.