Қазақстан құрамасы бірінші рет Финляндия құрамасын жеңді
Қазақстан құрамасы бірінші рет Финляндия құрамасын жеңді
190
оқылды
Ригада өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатындағы екінші кездесуінде Қазақстан құрамасы қазіргі әлем чемпионы Финляндияға қарсы ойнады, - деп жазады Prosports.kz. Юрий Михайлис келесі құрамды шығарды: Бояркин (Шутов) - Маклюков-Диц, Шин-Старченко-Рымарев; Сведберг-Блэкер, Михайлис-Волк-Савицкий; Степаненко-Шалапов, Аколзин-Сагадеев-Шевченко; Панюков-Шестаков-Әсетов, Данияр, Петухов. Бірінші кезеңде шайбы соғылған жоқ. Екінші жиырма минутта Антон Лунделль есеп ашты. Бірақ Кирилл Панюков таразы басын теңестіре алды. Үшінші кезеңде де, овертаймда да командалар жеңісті голды қақпаға дарыта алмады. Матч тағдыры буллит сериясында шешіліп, Қазақстан құрамасына сәттілік серік болды. Қазақстан құрамасы келесі ойынын 25 мамырда сағат 19:15-те АҚШ-қа қарсы өткізеді.