«Вакцинадан кейін иығымда чип пайда болды» – ер адамның айтқаны рас па?
«Вакцинадан кейін иығымда чип пайда болды» – ер адамның айтқаны рас па?
317
оқылды

Эпидемиологтар «вакцина салған жерге магнит жабысады» деп дүрліктірген адамды жауапқа тартуды сұрады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Видеодағы ер адам: «Міне, чиптің «пайдасы». Темір. Оқ тисе кері кетеді», – дейді. Мысқылдап тұрған видеодағы адам қай өңірдікі екені белгісіз. Ол: «Вакцинадан кейін иығымда чип пайда болды» деп оған магнит жабыстырып дәлелдемек болады. Оның сөзінше, магнитті екпенің орнына жақындатса жабысып, басқа бөлігіне апарса түсіп қалады екен. Бұл видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Ал эпидемиологтар ер адамның бұл әрекетін сынға алды. Олардың сөзінше, бар болғаны бес миллиграмдық сұйықтықты темірге айналады деу – ақымақтық. Сондықтан елді адастырып, көптің күдігін күшейтетін осындай адамды тауып, жауапқа тарту керек дейді.

Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас эпидемиологы Гүлфайра Мырзабекова: «Мұндай адамдарды зиянкес деуге болады. Халқына зиянын тигізіп жатыр. Бұл мәселемен құзырлы орындар айналысуы тиіс. Оны жай қалдыруға болмайды, тауып, жазалау қажет», – деді.