COVID-19: Қазақстан - «сары» аймақта
COVID-19: Қазақстан - «сары» аймақта
187
оқылды

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Министрдің айтуынша, әлемдік рейтингте Қазақстан ауру көрсеткіші бойынша 221 елдің ішінде 104-орында, ал өлім-жітім бойынша 111-орында тұр. Қазақстан - «сары» аймақта, еліміздегі 5 өңір «қызыл» аймаққа кіреді. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Қарағанды және Атырау облысы.

«Батыс Қазақстан облысы «қызыл» және «сары» аймақтың екі арасында тұр. «Сары» аймақта 6 өңір бар: Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы. Қалған бес өңір «жасыл» аймақта», – деді министр.

Бүгін коронавирусқа шалдыққан науқастар саны азайды.