Талдықорғандағы жол апаты: дәрігерлер оқушылардың денсаулығы туралы айтты
Талдықорғандағы жол апаты: дәрігерлер оқушылардың денсаулығы туралы айтты
233
оқылды

Бұл туралы Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«Ауруханаға түскен бес оқушы жабық бас ми жарақатын алған. Миы шайқалған. Түрлі дене соққысы бар. Оқушының бірі ішінен жарақат алса, енді бірінің жақ сүйегі сынған. Барлық бес науқастың жағдайы орташа ауыр», – деді дәрігерлер. Сондай-ақ осы жол апатында оқушылардан бөлек тағы үш адам зардап шекті.

«Талдықорған қаласындағы көпсалалы ауруханаға жарақат алған 1964, 1997 және 1995 жылғы науқас келіп түсті. 1995 жылғы адам денесінен түрлі дәрежедегі соққы алған. 1964 жылғы адамның иығы сынған. 1997 жылғы науқастың мұрны сынған. Жағдайы ауыр», – дейді мамандар.

Талдықорғанда оқушыларды тасымалдаған автобус апатқа ұшырап, 8 бен 16 жас аралығындағы 5 бала жапа шекті.