Полиция зираттағы көктастарды шимайлап кеткендерді іздестіріп жатыр
Полиция зираттағы көктастарды шимайлап кеткендерді іздестіріп жатыр
301
оқылды

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылында болған. Белгісіз біреулер зираттағы 19 көктасқа аэрозоль бояуын шашып, шимайлап тастаған.

Полиция Қылмыстық кодекстің 294-бабы, яғни, вандализм бойынша іс қозғап, кінәлілерді іздеп жатыр. Егер күдіктілер ұсталып, кінәсі дәлелденсе, 466 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Сондай-ақ 40 тәулікке қамалуы да мүмкін.

Бұған дейін ауыл іргесіндегі моланың үстіне дәмхана салмақ болғандар туралы жазған болатынбыз.