«О дүниені көрдім» – қос өкпесі 100 пайыз қабынған қария ауруды қалай жеңгенін айтып берді
«О дүниені көрдім» – қос өкпесі 100 пайыз қабынған қария ауруды қалай жеңгенін айтып берді
235
оқылды

60 жастағы тараздық коронавирусты жеңіп шықты. Қария ауыр халде ауруханаға түскен. Туыстарының айтуынша, тұмауды өз бетінше емдемек болған. Бірақ ауруы асқынып кеткен.

Дәрігерлер өкпесінің 100 пайыз зақымданғанын анықтап, жансақтау бөліміне жатқызды. Екі апта бойы өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратының көмегімен тыныс алған. Екі ай емделіп, ауруханадан шықты.

«Өз-өзіме келе алмай, тыныс алу аппаратында жатып, о дүниені көрдім десем болады. Ақ халатты абзал жандарға мың алғыс! Дәрігерлер, медбикелер, тазалықшы қыздарға екінші өмірді сыйлағаны үшін көп рақмет. Коронавирусқа әлі де сенбейтін адамдар вакцина салдыртып, күтім жасаса деймін. Денсаулыққа артық қауіп төндірудің қажеті жоқ екен», – дейді ол.

Қарияны емдеу барысын басшы ғана емес, тәжірибелі де білікті дәрігер Ербол Сағындықов бастаған аурухана меңгерушілері де бақылап отырған. Дәрігерлердің арқасында қария толық сауығып, емханадан шықты.

Бұған дейін дені сау болса да, «өкпесінде кінәрат бар» деп перзентханада қайтыс болған келіншек туралы жазған болатынбыз.