Қарағанды облысында әйел баласымен бірге терезеден секірмек болды
Қарағанды облысында әйел баласымен бірге терезеден секірмек болды
5,186
оқылды
Қарағандыда үш жасар қызды қолына алған 24 жастағы әйел терезеден секіріп кете жаздады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының өкілдері шұғыл жеткен. 24 жастағы әйел 3 жасар қызын қолына алып, бес қабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтер терезесінен аяғын сыртқа қарай салбыратып отырған.
"Аталған мекенжайға облыстық төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен медициналық жедел жәрдем көлігі де келді", – делінген Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Полиция қызметкерлері терезеден секірмек болған әйелді құтқарып қалған. Жан-жақты тексеру нәтижесінде, әйелдің медициналық мекемеде есепте тұратыны анықталды. Тиісті ем-дом шараларын жүргізу үшін оны медициналық мекемеге жеткізілген.