Қазақстандық 9 боксшы қыз Азия чемпионатының финалына шықты
Қазақстандық 9 боксшы қыз Азия чемпионатының финалына шықты
162
оқылды
Азия чемпионатының финалына тоғыз бірдей боксшы қыздың шығуы Қазақстан үшін тарихи оқиға болды, деп хабарлайды ҚБФ. Бұған дейінгі Азия чемпионаттарының бұл кезеңіне Қазақстанның әйелдер құрамасы осынша боксшымен жеткен емес.   Финалда Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Владислава Кухта, Римма Волосенко, Милана Сафронова, Фариза Шолтай, Ләззат Күнгейбаева және Валентина Хальзова алтын үшін айқасады. Әйелдер арасындағы шешуші жекпе-жектер 30 мамырда өтеді.