Оралда ер адам мас күйінде көпірден секіріп кетті
Оралда ер адам мас күйінде көпірден секіріп кетті
214
оқылды

Оралда ер адам мас күйінде көпірден секіріп кетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 29 мамыр күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында болды. Сағат 19.50-да жедел құтқару жасағы (2 адам, 1 техника) Шаған өзенін аралау (патрульдеу) кезінде 46 жастағы ер адамды құтқарып қалды. Ер адам мас күйінде жаяу жүргіншілер көпірінен секіріп, шомылуға тыйым салынған жерде суға батып бара жатқан. БҚО ТЖ департаменті суда қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін тұрғындардың есіне салады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда найзағай түсіп, мал қорасы мен 125 тонна пішен өртеніп кеткенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Батыс Қазақстанда тұрғын үй өртеніп кетті.