Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қазақстан командасы екі алтын жеңіп алды, - деп хабарлайды Olympic.kz.
48 келіге дейінгі салмақтағы шешуші кездесуде Қазақстан чемпионы Алуа Балқыбекова Өзбекстан өкілі Гүласал Сұлтаналиевамен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте төрешілер шешімі бойынша Алуа жеңіске жетті.
Команданың көшбасшысы, 51 келідегі Назым Қызайбай финалда әлемнің алты дүркін чемпионы, үндістандық Мэри Комды жеңді. Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Назымға берген.
Осылайша, Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы алтын медальдар түсті.