БҚО-да екі баланы жылан шағып алған: дәрігер жылан шаққанда бірінші не істеу керегін айтты
БҚО-да екі баланы жылан шағып алған: дәрігер жылан шаққанда бірінші не істеу керегін айтты
275
оқылды

БҚО-да 3 және 13 жастағы балаларды жылан шағып алған. Олар көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы "Мой город"порталы жазды.

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Қарлығаш Дустаеваның айтуынша, оқиға бала ата-анасымен бірге табиғатқа шыққан кезде болған. "3 жастағы баланы жылан шаққаннан кейін ісіну және гиперемия түрінде реакция болды. Ата-анасы оны бірден ауруханаға жеткізді, бақытымызға орай, бәрі ойдағыдай болды, тістеген жылан уын шашпаған. Қазір балалар ауруханадан шығарылды", - деді ол. Қарлығаш Дустаева жылан шағып алған кезде, ең әуелі, дененің жылан тістеген жерінен жоғары бөлігін кез келген затпен қысып, орап, бірден алғашқы көмек көрсететін ауруханаға бару қажет екенін айтты. "Егер жылан улы болса, өте қауіпті, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Ал кене шағып алған кезде, дененің тістеген жерінен жоғары бөлігін байлап қою керек және оның басы теріде қалмауы үшін кенені теріден өзіңіз шығармаңыз. Ол ауруханада алынып, сараптама жасалатын болады", - деді аурухана директорының орынбасары. Қарлығаш Дустаева ата-аналарға балаларына мұқият қарауды сұрады. Оның айтуынша, жазғы демалыс басталғаннан балалар ауруханасының дәрігерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Себебі бұл кезеңде балалардың түрлі жағдайда зардап шегу оқиғалары көп тіркеледі екен.