Шарын шатқалындағы трагедия: селден аман қалған қыз ауруханадан шықты
Шарын шатқалындағы трагедия: селден аман қалған қыз ауруханадан шықты
311
оқылды
Шарын шатқалында селден аман қалған оқушы қыз ауруханадан шығарылып, оның өзі мен ата-анасы министрдің алғыс хатымен марапатталды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан басылымы.
"Бүгін Зере Ұланқызы ауруханадан шықты. 29 мамырда Алматыда Шарын шатқалында өткінші нөсер жаңбыр салдарынан болған су тасқыны кезінде аман қалған 11 жасар Зере мен оның ата-анасы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің алғыс хатымен марапатталды", — делінген хабарламада.
Министрдің алғыс хатын Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы табыс етіп, Зеренің ата-анасы Ұлан Бисембайұлы мен Жания Шымырбекқызына батыл, ержүрек қыз тәрбиелегені үшін, ал кішкентай Зереге төтенше жағдай кезінде төзімділік, қайсарлық және өмір сүру әдістерін дұрыс қолданғаны үшін алғыс айтты.
Министрдің хатында: "Алматы қаласындағы №199 гимназиясының оқушысы Бисембай Зере Ұланқызы табиғи апат салдарынан қауіпті жағдайға тап болып, орын алған жағдайларды байыппен сабырлы бағалап, өмір сүрудің практикалық дағдыларын қолдана білді. Бұл жағдай еліміздің азаматтары үшін өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдыларын игеру және батылдық, байсалдылық және күйзеліске қарсы тұру сияқты тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеуде үлгі болып табылады", — деп жазылған.
Бұған дейін Шарын шатқалында оқушыны құтқарып, қайтыс болған мұғалім туралы жазған болатынбыз.