Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінде Серена Уильямсты жеңіп, ширек финалға өтті.
Рейтингте 22-орын иемденіп тұрған Рыбакина төртінші айналымда америкалық Серена Уильямсты 6:3, 7:5 есебімен жеңді.
Рыбакина 4 эйс жасап, жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Осылайша қазақстандық теннисші өз спорттық жолында алғаш рет Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына өтті. Е.Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 32-ракеткасы, ресейлік Анастасия Павлюченковамен таласады.