Мөлдір Әуелбекова екінші сәбиін босанды
Мөлдір Әуелбекова екінші сәбиін босанды
332
оқылды

Отандық әнші Мөлдір Әуелбекова екінші перзентін дүниеге әкелді. Қуанышты жаңалықты әпкесі бөлісті. 

"Халайық, сүйінші! Алланың қалауымен қасиетті жұма күні Мөлдір қыздарыңыз қыз босанды. Аллаға сансыз шүкір, бәрі жақсы. Қош келдің, Айша қыз. Алла ұзақ, бақытты ғұмыр берсін, ботақаным", — деп жазды ол желідегі парақшасында.
Жуырда жұлдыз коронавирус жұқтырып ауруханаға түскен болатын. Кейін ем алып жатқанын хабарлап, қолдау білдірген тыңдармандарына алғыс айтты.
"Аллаға шүкір, коронавирусты жеңіп, ауруханадан үйге келдік. Дәрігерлердің еңбегін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Аллахым күш-қуат берсін! Жүрегімнің ішінде жүрек болғасын сізде оң нәтиже дегенде COVID-19 атауының өзі психологиялық тұрғыда ауыр тиеді екен. Жақындарым, мен сіздердің қолдауларыңызбен еш мойымай, дер кезінде ем алып, Алланың қалауымен сауығып шықтық. Бәрі жақсы, шүкір! Хәлімізді сұрап, уайымдап хабарласып жатқан жаны жайсаң шынайы жанашырларыма рақмет! Алла іздерге разы болсын, тілеулестерім! Енді, бұйырса, босанғанша ешқайда шықпай сабыр етіп, үйде отыруым керек. Қайта жұқтыру жылдамырақ әрі қауіптірек болады екен. Сақтанып жүріңіздер! Алла амандықта жүздесуді жазсын", — деді әнші.
Еске салсақ, жуырда Мөлдір Әуелбекова көпшілікке өтініш айтқан еді.