Бас прокуратура: екі жылда әкімдер 120 мың гектар жерді тонаған
Бас прокуратура: екі жылда әкімдер 120 мың гектар жерді тонаған
224
оқылды

Өзбекстанда әкімшілік басшылары екі жылда 120 000 гектар жерді тонаған немесе иемденген. Бас прокурордың орынбасары Шавкатжон Рахимов 10 маусымда Ташкентте өткен брифингте осылай деп мәлімдеді.

Шенеуніктің айтуынша, екі жылда прокуратура 7500-ден астам жер шешімін өзгерткен.
"Әкімшілік соттар аудан әкімдерінің 2500-ден астам шешімінің күшін жойған. 588 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған", — деді Рахимов.
Бұның алдында, 8 маусымда президент Шавкат Мирзиеев жер бөлу және сату жүйесін реформалау туралы жарлыққа қол қойды. Сарапшылардың кейбірі бұл жарлық жағдайды одан сайын қиындатып, жер сататын шенеуніктердің жұмысын жеңілдетеді деп есептейді.