Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында украиналық Денис Молчановпен бірге Братислава (Словакия) "Челленджер" турнирінің чемпионы атанды.
Турнирдің 1-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп финалда нидерландылық Сандер Арендс – венесуэлалық Луис-Давид Мартинеспен бас жүлдені сарапқа салды.
Кездесу 7: 6, 6: 1 есебімен аяқталды.
Финалдық матч 1 сағат 7 минутқа созылды.
Бұған дейін Недовесов пен Молчанов "Челленджер" турнирінің жеңімпаздары болған. Александр осымен алтыншы рет чемпион атанып отыр.