Қостанай көшелерінің бірінде әйелді өлтіріп кеткен күдікті ұсталды
Қостанай көшелерінің бірінде әйелді өлтіріп кеткен күдікті ұсталды
148
оқылды
Қостанайдың орталық көшелерінің бірінде адам өлімі болды, күдікті ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін 19:00-де полиция қызметкерлері әйел адамның өліміне күдікті Қостанай қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта марқұмның кім екені анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомство.
Қылмыс Баймағамбетов көшесінде жасалған. ҚР ҚК 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың себептері тексеріліп жатыр.