Футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің 2-турында Түркия Уэльстен 0:2 есебімен жеңілді.
Кездесуде екі құраманың да жеңіске жететін мүмкіндігі зор болды. Ойынның 42-минутында Гарет Бэйлдың пасынан кейін, уэльстік Аарон Рэмси есеп ашса, 90-минутта оның отандасы Коннор Робертс қорытынды есепті белгіледі.
Уэльс құрамасы осы жеңістен кейін өз тобында көш басына шықты.
А тобындағы тағы бір кездесуде елорда уақытымен 00.50-де Италия мен Швейцария құрамалары кездеседі.
Еуропа чемпионаты – 2020. А тобы. 2-тур.Түркия – Уэльс 0:2 (0:1)