Мәдениеттегі жемқорлық
«Айқын» ақпарат
/ 19.06.2021
Мәдениеттегі жемқорлық
Осыдан бір жыл бұрын Нұр-Сұлтан қаласындағы
Жазушы Смағұл Елубай: «Мәдениет қана емес, кез-келген адамның ала жіпті аттауы, алдымен өзін-өзі құлдырататын, содан кейін бала-шағасына әсер ететін, содан кейін қоғамға әсер ететін ауыр індет. Бұл індеттен сақтанудың жалғыз жолы – иманға бет бұру. Иманды адам иманын алтыннан жоғары қояды. Қазақтың ескі ауылында үйге құлып салынбайтын. Өйткені олар мұсылман адамның ала жіпті аттамайтынын жақсы білетін» дейді. Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» фильмінің кейіпкері: «100 теңге деген аз ақша емес, денсаулық та керек» дейтіні бар емес пе? Сол секілді көпшіліктің алдында гуманизмді насихаттап жүрген өнер адамының бір сәтте өзін миллиондарға айырбастап кетуінің астарында не бар? Дүниеқоңыздық па, көрсеқызарлық па? Мәдениеттанушы Зира Наурызбаева: «Жемқорлықпен ұсталудың өзі қоғамдағы құндылықтардың құлдырауының көрінісі емес пе? Қазіргі заманда бай адамдар керемет болып саналмай ма? Сол секілді өнер адамдары да байлыққа ұмтылып, шенеунік болғысы келіп тұрады. Кеңес заманын алайық. Мықты жазушылар шенеуніктерден де бай тұрды. Ал қазіргі заманда құр жазумен байлыққа қол жеткізе алмайды. Сосын амалсыз қызметке ұмтылады. Өнер мен мәдениетке қатысты мәдени мекемелерде директор және көркемдік жетекші болады. Директор шаруашылық жағын, қаржы-қаражатты басқарады. Өнер адамының директор болудағы мақсаты да сол – яғни әкімгерлік қызметті өзі пайдаланғысы келеді. Шынымен өнер адамы болса, қаржыға көз тігіп, қызметке ұмтылмағаны дұрыс» дейді.
Өнерге керегі – тазалық
Бүгінгі қоғамның дерті неде? Ешқайсысы озық білім, жоғары мәдениет, үлгілі еңбек тұрғысынан өзара бәсекелестікке түскісі келмейді. Керісінше, жылдам баюды ойлайды, той-томалақ жасап жарысады. «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» дейтін нақыл сөз кезінде ащы мысқылмен айтылса да, қазір нарық заманы адамының ой-өресіне тура келетіндей. Бәрі де «тазы болып шалғысы» келіп тұрады. Жалпы, кез келген саладағы жемқорлық – қауіпті дерт. Ал мәдениет саласында жемқорлыққа бару – тіптен қауіпті. Шармановша айтқанда, біз құндылықтарды құлдырату арқылы ертеңгі күнге ор қазып жатқандаймыз... «Өнерліге – өріс кең» деген сөз бар еді. Өнер саласында ең алдымен керегі – тазалық. Ар тазалығы мен жан тазалығына үндейтін, әлемдік әдебиеттің жауһарлары арқылы адами құндылықтарды сақтауға шақыратын өнер ордасы қай жағынан да үлгі болуы тиіс. Өкінішке қарай, өнер шаңырағы басшыларының жемқорлыққа шатылғаны, Чехов тілімен айтсақ, «сахнада ілулі тұрған мылтықтың атылғаны» іспеттес.
Айым БЕКТҰР
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Алтынай Жорабаева алғаш рет кенже қызын көрсетті
Жаңалықтар
Субһаналлаһ: Алтынай Жорабаеваның қызына Пекиндегі атақты университет 650 м...
Жаңалықтар
«Емшіге, қасиетті жерлерге бардық»: жұлдызды жұп ұлының сырқаты жайлы айтты
Жаңалықтар
«Уақыт жараны емдемейді»: Баян Алагөзова жан сырын ақтарды
Жаңалықтар
14 жастағы түркістандық бала әлемдік рекордты жаңартпақ
Жаңалықтар
«Иә дедім»: тележүргізуші Динара Сәтжан тұрмысқа шығады