Шекарада бақылауды күшейту керек – Үкімет басшысы
Шекарада бақылауды күшейту керек – Үкімет басшысы
330
оқылды

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин айтты.

«Жалпы, санитариялық-эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Ауруханалардағы орындардың жүктемесі – 25 пайыз және жансақтау бөлімдерінде – 21 пайыз. Елорда «қызыл» аймақта, вирус жұқтырғандар саны азаймай тұр. Бұл елордада қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін және вакцина салу қарқыны төмен екенін көрсетеді. Жалпы өңірлердің басым бөлігі – «жасыл» аймақта, 5 өңір – «сары» аймақта», – деді Асқар Мамин. Оның айтуынша, бүгінде 2,8 миллионнан астам адам вакцинаның 1-компонентін, 1,7 миллионнан астам адам 2-компонентті салдырды.

«Астанада коронавирустың «дельта» штамына тән мутацияның ықтималдығы анықталып отыр. Оның таралу жылдамдығы өте жоғары, жылдам өршиді және салдары анағұрлым ауыр. Осы ретте бүгін ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізуді және Нұр-Сұлтан қаласындағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаңдату бойынша іс-шараларды қабылдауды тапсырамын», – деді Үкімет басшысы.

Асқар Маминнің айтуынша, қазіргі таңда жалпы Қазақстандағы жағдай қалыпты болғанымен, көрші мемлекеттердегі жағдай күрделі күйінде қалып отыр.

«Сондықтан мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту керек. Осы ретте санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуына және вакцинация қарқынын күшейтуге баса назар аудару қажет», – деді Үкімет басшысы.

Бұған дейін вакцина салдырып, бағалы сыйлық алғандар туралы жазған болатынбыз.