Түркістан облысы «Сайрам-Өгем» шатқалынан тағы бір адамның мәйіті табылды – видео
Түркістан облысы «Сайрам-Өгем» шатқалынан тағы бір адамның мәйіті табылды – видео
635
оқылды

22 маусым сағат 11.50-де Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапқан. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Мүрдені тасымалдау үшін «Қазавиақұтқару» тікұшағы оқиға орнына бара жатыр. Табылған мәйіт сараптама жасалу үшін полиция қызметкерлеріне табысталады.    width=  width= Іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 адам, 17 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікұшақ жұмылдырылды.   Сайрам   https://youtu.be/SzHO5AIFMAY

Айта кетейік, 25 мамыр күні сағат 18.30-да «112» пультіне жеті туристің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Іздестіру жұмыстары 27 тәулік бойы жалғасты. Бұған дейін 3 турист құтқарылса, тағы үш туристің мәйіті табылған болатын.