Жанқош Тұраровтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Жанқош Тұраровтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
150
оқылды
Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (24-0, 17 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды prosports.kz Ол шілде айының соңында шаршы алаңға оралады. Әзірге қайда өтетіні және кімге қарсы жұдырықтасатыны белгісіз. Жанқош Тұраров сәуір айында Дубайда жекпе-жек өткізуі қажет еді. Алайда бірнеше күн қалғанда коронавирус жұқтырып, шаршы алаңға шыға алмады. Аталмыш кештің басты айқасында Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental титулын солтүстік ирландиялық Тайрон Маккеннаға (21-2-1, 6 KO) қарсы жұдырықтасуы керек еді.