Дәрігерлер Ақтөбеде апаттан аман қалған директорлардың денсаулығы туралы айтты

Дәрігерлер Ақтөбеде апаттан аман қалған директорлардың денсаулығы туралы айтты

Ақтөбе облысында Ойыл-Қобда жолында көлік аударылып, №20 мектеп директоры Бағдат Үрімбаева және №33 мектеп директоры Альмира Орақова қаза тапты.

Ал, жол апатынан зардап шеккен екеуі Ойыл аудандық ауруханасына жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров: «Санавиациямен облыс орталығына жеткізілген бір науқасқа ота жасалды. Оның жағдайы орташа ауыр. Қазір политравма бөлімшесінде емін жалғастырып жатыр. Кеше тағы бір науқас Жедел жәрдем ауруханасына санавиациямен жеткізілді. Ол жансақтау бөлімінде, ал жағдайы тұрақты ауыр», – деді.