Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді - Видео
Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді - Видео
146
оқылды
UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (13-0) UFC Vegas 30 турнирінде бразилиялық Мишель Празересті (26-3) жеңді. Кездесу Лас-Вегас қаласында өтіп, 26 жастағы отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Кездесу үш раундқа есептелген еді. Алғашқы раундта қазақстандық спортшы бір тейкдаун жасап, раундты өз пайдасына аяқтады. https://www.youtube.com/watch?v=iDBvzMRaIDs Ал екінші раундта Шавкат қарсыласын қылқындырып тасады. Осылайша отандасымыз UFC ұйымындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті. Шавкат Рахмонов карьерасындағы 14, ал UFC ұйымындағы 2-ші жеңісіне қол жеткізді.