Шавкат Рахмонов: Шынымды айтайын, Қазақстанды қатты сағындым
Шавкат Рахмонов: Шынымды айтайын, Қазақстанды қатты сағындым
239
оқылды

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (14-0) бразилиялық Мишель Празериспен (26-3) өткен кездесуіне байланысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Бұл кездесу Лас-Вегас қаласындағы (Невада штаты, АҚШ) UFC Vegas 30 турнирінде өтті. Негізі айқас үш раундқа жоспарланған болатын. Бірақ екінші раундта қазақстандық спортшы қарсыласын қылғындыру әдісімен жеңді.
"Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Қазақстанның туын мұндай аренада көтергеніме қуаныштымын әрі мақтан тұтамын. Келесі қарсылас дейсіз бе? Осы кездесуден кейін рейтингте жақсы орында болатынымды білемін. Мүмкін үздік 15 спортшының қатарына да қосылатын шығармын. Үйге барып командаммен, бапкерлеріммен ақылдасуым керек. Шынымды айтайын, Қазақстанды қатты сағындым. Отбасымды сағындым! Октагонға тезірек қайта оралуға тырысамын", — деді Рахмонов.
Айта кетейік, бұл Рахмоновтың аралас жекпе-жектегі 14-нші кездесуіндегі 14-жеңіс. Ал UFC ұйымында ол екінші жеңісіне қол жеткізіп отыр.