Жаппай локдаун енгізілуі мүмкін
Жаппай локдаун енгізілуі мүмкін
292
оқылды

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның Ресейдегі ресми өкілі Мелита Вуйнович мәлімдеді, – деп жазады Sputnik Қазақстан.

«Вакциналау мен бетперде режимі аурудан қорғауға септігін тигізеді. Ал «Дельта» штамының таралуына тоқтатуға вакцинаның өзі жеткіліксіз. Қазіргі кезде қысқа уақыттың ішінде бар күш-жігерімізді салуымыз қажет. Әйтпесе, локдаун болуы мүмкін», – дейді Вуйнович.

Оның айтуынша, екпеден бас тартуға болмайды. Себебі вакцина вирустың таралуын бәсеңдетеді және індеттің ауыр формасына шалдығу ықтималдылығын төмендетеді. Вуйнович «Дельта+» штамының қауіпті екенін ерекше атап өтті. Вирус таралу қарқыны үдеп барады. «Дельта штамы жасушалардың біраз бөлігін зақымдайды. Науқастан көп адам және жылдам инфекция жұқтырады... Біз оның шарықтау шегін әлі көріп отырған жоқпыз, вирустың таралуы үдеп барады», – дейді Вуйнович.

Бұған дейін Алматыда 45 адамнан үнді штамы анықталды.