Астанада карантин тағы да күшейтіледі
Астанада карантин тағы да күшейтіледі
261
оқылды

Әкімдіктің мәліметінше, өткен тәулікте астанада коронавирус 800-ден аса адамнан анықталып, эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Бұл туралы astana.gov.kz хабарлады.

Сондықтан карантин тағы да күшейтіледі.

«Егер мейрамханаларда/кафелерде және басқа да мекемеде іс-шаралар өткізілсе, ол нысанның жұмысы тоқтатылады. 4 шілдеден бастап Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін тамақтану орындарының (мейрамханалар, кафелер) уақыты 2:00-ден 22:00-ге дейін (жабық жерлерде), ал сыртта, яғни есік алдында жұмыс істейтін тамақтану орындарының уақыты 2:00-ден түнгі он екіге дейін қысқарады. Сондай-ақ, жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Бұл күні автобустар дезинфекциядан өткізіледі» делінген ресми хабарламада.

Ashyq жобасын қолданбайтын фитнес-орталықтар (йога орталықтары, т.б.) жұмысы аптаның барлық күнінде де тоқтатылады. Ал Ashyq жобасы бойынша істейтін фитнес-орталықтар (йога орталықтары, т.б.) дүйсенбі-жұма күндері жұмыс істесе, демалыс күндері тоқтатылады. «Қалада қатаң карантин енгізбес үшін ұжымдық иммунитетті дамыту қажет. Ал ұжымдық иммунитеттің үлесі 60 пайыздан асуы тиіс. Қазір қалада вакцинаның бірінші компонентін 229 мыңнан аса адам алды. Медицина қызметкерлерінің 90 пайыздан астамы, ал коммуналдық қызметкерлердің 70 пайыздан астамы коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Вакцинация денсаулықты қорғауға мүмкіндік береді» делінген ресми хабарламада.

Астананың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова бұқаралық іс-шараларға тыйым салынатынын айтқан еді.