Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына 50 доллардан бөлінбек
Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына 50 доллардан бөлінбек
221
оқылды

Өзбекстанда тамыз айында тұрмысы төмен отбасылардың балаларына көмек ретінде 500 000 сум (50 доллар) көлемінде жәрдемақы төлемек. Бұл ақша балаларына мектепке қажетті заттар алу үшін беріледі.

Бұл жөнінде ел президенті Шавкат Мирзияев Ташкентте өткен Жастар мен студенттер форумында айтты. Сонымен бірге тұрмысы төмен отбасылардан шыққан студенттер оқу орындарында алғашқы жылы бюджет есебінен оқиды. Өзбек президенті жас отбасыларға ипотекамен пәтер алу үшін 2000 квота бөлінетінін жеткізді. Ол үшін мемлекеттен 60 млрд сум (5,6 млн доллар) бөлінбек. Мирзияев сонымен бірге мемлекет қамқорлығындағы жастар отбасын құрамын десе, 33 миллион сум (3 мың доллардан астам) кепілсіз несие берілетінін айтты.