Жаңа қаулы: 7 шілдеден бастап тағы бір облыста карантин күшейтіледі
Жаңа қаулы: 7 шілдеден бастап тағы бір облыста карантин күшейтіледі
302
оқылды

Жаңа қаулы 7 шілдеде бастап күшіне енеді.

Сондықтан облыс аумағында ойын-сауық, бұқаралық мерекелік іс-шаралар, көрме, конференция, форум, отбасылық іс-шараларды (еске алу, банкет, үйлену тойы, мерейтой), оның ішінде үйде және адам көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Сонымен бірге, жаңа қаулыда букмекерлік кеңселердің жұмыс істеуіне тыйым салынған.

«Қоғамдық көлік, такси, әуежай, ауладағы балалар алаңдары, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар мен басқа да қоғамдық орындарда санитариялық және дезинфекция жасау, аялдамаларда күніне кемінде екі рет, қоғамдық көлікке әрбір рейс алдында жуу және дезинфекциялау міндеттелді» делінген қаулыда.

Бұған дейін елдегі эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлағанын жазған болатынбыз.