Рудныйдағы төбелестің мән-жайы белгілі болды
Рудныйдағы төбелестің мән-жайы белгілі болды
166
оқылды

Полицейлердің айтуынша, жәбірленушінің бірі дүкенге жейдесіз жалаңаш кірген, сондағы бір азамат оған ескерту жасаған. Сол сөз жаға жыртысуға түрткі болған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Қостанай облысы ПД Тергеу басқармасының бөлім бастығы Артем Ткаченко: «Қазір видеоны зерделеп жатырмыз. Тек содан кейін құқықтық баға беріледі. Оның үстіне жарақат алған азаматтардың ауруханадан шыққанын күтеміз. Сараптама жасалуы тиіс. Соның нәтижесі бойынша тағы бірнеше баппен іс қозғалуы мүмкін. Әзірге бұзақылық бабы бойынша қаралып жатыр», – деді.

Рудный қаласында болған жанжал соңы үлкен дау туғызды. Екі жігітті бір топ азамат жабыла тепкілеп жатқан видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Артынша жәбірленушілердің туыстары бұзақыларды қатаң жазаға тартуды талап еткен. Оқиға 2 шілдеде түнде болған. Видеодағы кадрлардан екі жігіттің оңбай таяқ жегені көрінеді. Біреуінің миы шайқалып, екіншісінің жағы сынып ауруханада жатыр.

Ал өзінен 5-6 жас үлкен жігіттерді 17-19 жас аралығындағы ер адамдар сабаған. Төртеуі күдікті ретінде тергеліп жатыр.