Әлемде пандемия жағдайы тұрақталды
Әлемде пандемия жағдайы тұрақталды
279
оқылды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы Төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан әлемде коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары тұрақтанғанын мәлімдеді.

Майкл Рейннің айтуынша, соңғы екі аптадағы ауру кестесіне қараса, жағдай тұрақтанған. Сондай-ақ ол қазір COVID-19 таралуының жағдайы екі-үш ай бұрынғыға қарағанда жақсырақ деген пікір білдірді. Алайда, Райан әр елде жағдай айтарлықтай әртүрлі екенін айтты.

"Бірнеше мемлекетте вирус жұқтырудың күрт төмендеуі байқалады. Ал басқаларында жаңа жағдайлардың саны өсіп жатыр. Бұл коронавирустың жаңа штамдарының таралуы, эпидемияға қарсы шараларды жеңілдету мен адамдар арасындағы байланыстың артуы сияқты бірқатар факторға байланысты" деді ол.