Вакцинадан бас тартқан тәрбиеші жұмыстан шеттетілді
Вакцинадан бас тартқан тәрбиеші жұмыстан шеттетілді
Фото: news.myseldon.com
480
оқылды

Осыған байланысты балалар үйінің қызметкері уақытша жұмыстан шеттетілді.

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше,  мекеменің қалған қызметкерлері вакцина алды.

«Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы негізінде «Талдықорған қаласының Алматы облыстық мамандандырылған балалар үйі» КММ қызметкерлеріне вакцина алу немесе ПТР тест тапсыру қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді», – деді департамент өкілі.

Балалар үйінде 93 қызметкер жұмыс істейді. Тәрбиеші Н.Зубкова вакцинадан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш беріп, ПТР тест тапсырудан бас тартты. Тәрбиеші Н. Зубкова 3 шілдеден бастап жұмыстан шеттетілді.

Бұған дейін Теңізде вакцина алған әйелдің есінен танып қалғанын жазған болатынбыз.