Адам саудасымен айналысқан әйел жазасын балалары ержеткен соң өтейтін болды
Адам саудасымен айналысқан әйел жазасын балалары ержеткен соң өтейтін болды
Фото: ainews.kz
212
оқылды

Оқиғаның мән-жайын Алматы облысы прокуратурасы анықтаған.

Кәмелетке толмағандар ісі бойынша Алматы облысының №2 ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен күдікті К.Б. ҚК 135-бабы, 2-бөлігі, 2,12-тармағы кәмелетке толмағандарды саудаға салғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда, жаза өтеу мерзімі сотталушының өз балалары 14 жасқа толғанға дейін кейінге шегерілді. Сот үкімі заңды күшіне енді. Үкімді шығаруға Талғар аудандық прокуратурасының кәмелетке толмағандарға заңсыз қамқоршылық рәсімдеу дерегін анықтағаны түрткі болған. Сотталушы өз кінәсін мойындады.