Тараздық оқушылар коронавирусты қашықтан анықтайтын құрылғы ойлап тапты
Тараздық оқушылар коронавирусты қашықтан анықтайтын құрылғы ойлап тапты
270
оқылды

Дәрігердің жұмысын қауіпсіз ететін құрылғыны  мектептің физика пәнінің оқытушылары  Жусамбаев Мирлан мен Рыбалкин Максим және оқушылар Сыдықов  Абылай, Әбдімәлік Әнел, Абдуллаев Бекжан ойлап шығарған.

Аталған  жоба өткен жылы бастау алып, оны  жүзеге асыру үшін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 1 000 000 теңгелік сертификат табыс еткен болатын.   оқушы Бұл қондырғы енді медицина мамандарының коронавирустың таралу қаупін азайтуға, нақты уақыт режимінде қашықтан тексерулер жүргізуге, бірден жүзден астам науқасты  бақылауға мүмкіндік береді. 32 аппаратты қалалық көпбейінді аурухананың инфекциялық құрылымына сыйға тартқан оқушыларға облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев алғысын айтып, құрылғы дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп,  науқастарға да ыңғайлы екенін де баса айтты.

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы