Ақтөбеде нөсер жаңбырдан соң көшені су басты
Ақтөбеде нөсер жаңбырдан соң көшені су басты
Фото: inform.kz
171
оқылды

Қазіргі уақытта Ақтөбеде 5 сорғы станциясы жұмыс істеп тұр. Су соруға 50-ден астам техника жұмылдырылды.

Көшеде 10 қол сорғы станциясы жұмыс істеп тұр. Сыйымдылығы жоғары 15 көлік көшеде жүр. Әзірге аулаларды су басқан жоқ.

Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Жомарт Бақытгелді: «Судың көп бөлігі жол бойына жиналған. Жалпы, көктемде су жиналатын, суға кетуі басым 40 аймаққа суағар салынады», – деді.

Бұған дейін синоптиктер жаңбыр жауатынын ескерткен болатын.