Найзағай, дауыл, жаңбыр: бүгін ауа райы қандай болады?
Найзағай, дауыл, жаңбыр: бүгін ауа райы қандай болады?
153
оқылды

Синоптиктер 2 шілде күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын хабарлады.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа райы ыстық және құрғақ  болуы мүмкін. Тек еліміздің батыс бөлігіне циклон жырасымен байланысқан атмосфералық фронттар әсер етеді. Салдарынан жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей аймағында дауыл соғып, бұршақ жауады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты жел соғып, күндіз Жамбыл облысында бұршақ жауады. Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл тұруы мүмкін. Ал Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында күндіз қатты жел тұрғаны болмаса, күні бойына аптап ыстық сақталады. Мұндай ауа райы - Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында да сақталады. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының жекелеген аудандарында қатты ыстықтан өрт қаупі де жоғары.