Біртановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды
Біртановқа қатысты сотқа дейінгі  тергеу аяқталды
©tengrinews
292
оқылды

Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқталды.

Біртанов пен Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жарамсыз Ақпараттандыру платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. "Платформа денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларды жедел шешу үшін пациенттер, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі керек еді. Бүгінде платформа жұмыс істемейді және оны медициналық мекемелердің пайдаланбайтыны дәлелдермен расталды. Орындалмаған жұмыстардың құны 4,1 миллион доллар немесе 1,5 миллиард теңге", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, агенттік мәліметінше, Елжан Біртанов санитариялық авиацияның әуе кемесін 2020 жылғы маусымда жеке мақсатына пайдаланғанда өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Биыл 7 шілдеде сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаны туралы жарияланып, қылмыстық іс материалдарымен танысу басталды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес жария етілмейді. Еске салайық, бұған дейін экс-министр сотта мәлімдеме жасаған болатын. Ол тергеу органдары оған әлі айып тақпағанын мәлімдеді.