Қазақстанда қай саланың қызметкері көп жалақы алады?
Қазақстанда қай саланың қызметкері көп жалақы алады?
Фото: Аzh.kz
473
оқылды

Қазақстанда 2021 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша орташа жалақы 216 мың теңгеден асты. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 13,4%-ға артық. Қай саланың қызметкері көп жалақы алады? Ұлттық статистика бюросының мәліметін ұсынамыз.

Ең жоғары жалақы алатын салалардың алғашқы үштігіне тау-кен өнеркәсібі, қаржы және сақтандыру қызметі, ақпарат және байланыс саласы кірді.

Қазақстандағы салалар бойынша орташа жалақы мөлшері (2021 ж, 1 тоқсан)

Салалар Орташа жалақы, мың, тг.
Тау-кен өнеркәсібіндегі 488,2
Қаржы және сақтандыру  404,1
Ақпарат және байланыс  321,4
Көлік және қойма 249,8
Өңдеу өнеркәсібі 221,6
Құрылыс  211,1
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет 197,9
Білім  192,3
Сауда  191
Мемлекеттік басқару, қорғаныс және әлеуметтік қамтамасыз ету 179,3
Ауыл шаруашылығы 108,2