Алматыда тауда жоғалған Әлия Камиеваны құтқарушылар тапқан сәттің видеосы жарияланды

Алматыда тауда жоғалған Әлия Камиеваны құтқарушылар тапқан сәттің видеосы жарияланды

Құтқарушылар оны таудан тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Бүгін сағат 11:00 шамасында ТЖМ құтқарушылары Үлкен Алматы өзенінен 3 шақырым қашықта жоғалып кеткен Әлия Камиеваны тапты.

Оның жағдайы ауыр. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. «ҚазӘуеҚұтқарудың» МИ-703 тікұшағы зардап шеккен туристі Үлкен Алматы өзені маңында қонуға арналған айлаққа жеткізді.

Оны ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен жедел жәрдем бригадасы қарсы алып, №7 ауруханаға жеткізді.

    https://youtu.be/HXEBy83e7yk