Жәнібек Әлімханұлы үш чемпионды жекпе-жекке шақырды
Жәнібек Әлімханұлы үш чемпионды жекпе-жекке шақырды
237
оқылды
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) өз дивизионындағы чемпиондарды жекпе-жекке тағы шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл жолы Жәнібек твиттер желісінде белбеуі бар үш боксшы - Джермалл Чарло (WBC), Деметриус Андраде (WBO) және Риота Муратамен (WBA Super) фотоколлаж жасап, "Оңай жұмыс" деп жазба қалдырыпты. https://twitter.com/qazaqstyle/status/1412862004700667908?s=20 Әлімханұлы соңғы жекпе-жегінде әлемнің  экс-чемпионы, америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңді. Осының арқасында ол WBO рейтингінде екінші, ал WBC тізімінде үшінші орынға жайғасты.